Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 теннисшінің қатарына енді

Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 теннисшінің қатарына енді

Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-5 теннисшінің қатарына енді
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік 5 теннисшінің қатарына енді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде Е.Рыбакина 6-дан 5-орынға көтеріледі. Бұл Қазақстан теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ. Қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде қазақстандық теннисші америкалық Кори Гауфты басып озды. К.Гауфф Рим мастерс турнирінде үшінші айналымнан аса алмаған еді. Сол себепті ол ұпайларын жоғалтып, алтыншы сатыға сырғиды.