Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды
Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды
Алматы қаласының орталығы апатқа байланысты жарықсыз қалды деп хабарлады turkystan.kz.
Байланыс орталығының хабарлауынша, апат күрделі, жерасты ток кабелі зақымданған.
Сәтбаев – Құрманғазы – Достық – Назарбаев көшелерінің қиылыс аумағында жарық жоқ. Әрине, бұл аумақта бағдаршамдар да істемей тұр деп жазады Zakon.kz.
Мамандардың жарықты қашан қалпына келтіретіні белгісіз.
Ауданда мобильді интернет те жұмыс істемей тұрғаны айтылады.
Бұған дейін Ақтау тұрғындары жарық пен сусыз қалғаны хабарланған болатын. Маңғыстау облысының энергокомбинатында жабдықтар токтан автоматты түрде ажыратылып, соның салдарынан электр беру процесінде ақаулар болды.