Жаңалықтар

Әлем чемпионы болған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

ашық дереккөзі

Әлем чемпионы болған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бокстан әлем чемпионы болған спортшылардың қанша сыйақы алатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Министрлік тарапынан әлем чемпиондарының әрқайсына 15 мың доллардан береміз және олардың бапкерлеріне де 15 мың доллар қарастырылған. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан – 100 мың доллар, AIBA тарапынан 200 мың доллар беріледі, - деді Оралов. Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларымызға өз қаражаты есебінен қосымша 100 мың доллардан беретінін айтқан болатын.