Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма? – Баспасөз хатшысы жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма? – Баспасөз хатшысы жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлай ма? – Баспасөз хатшысы жауап берді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамыр – туған күнінде жұмыс істейді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасына жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді» деп жазды Руслан Желдібай.