Сырдария өзенінен 8-сынып оқушысының денесі табылды

15 мамыр, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Сырдария өзенінен 8-сынып оқушысының денесі табылды Қызылордада өзеннен 8-сынып оқушысының денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 14 мамырда болған. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, жедел құтқару жасағының өкілдері хабарлама бойынша Сырдария өзенінен марқұмның денесін тапты.
«Мән-жайды тексеру барысында 8-сынып оқушысының белгіленбеген жерде суға түскені анықталды», - деді басқарма бастығы Жасұлан Түйменов.
Айта кетсек, былтыр облыс орталығында 12 адам осындай жағдайда көз жұмса, соның тең жартысы - бала.