Жаңалықтар

«AMANAT CUP» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

«AMANAT CUP» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

«AMANAT CUP» XXI республикалық пікірсайыс турнирі қорытындыланып, кубок иегерлері анықталды. Алматы қаласында өткен турнирге 60 пікірсайыс командасы қатысты. Екі күнге созылған қызықты тартыстың жабылу салтанатына «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек, «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жас көшбасшылар мен спортшылар, «Жастар Рухы» Жастар қанатының аймақтық филиалдарының төрағалары және замандастарын қолдауға келген пікірсайысшы жастар қатысты. Орыс лигасы бойынша І орынды Алматы қаласының «не Қағанат, но тоже дешёво» (Мадина Раилова, Әділбек Рамазанов) командасы, ІІ орынды «Диана и Ғалымжан»  командасы (Диана Жұмағұлова, Ғалымжан Мақашев) иеленді. Жүлделі ІІІ орын «Карфаген должен быть разрушен» (Рүстем Арманов, Азат Шайкенов) командасына бұйырды. Сонымен қатар «Ең үздік спикер» номинациясы мен оның арнайы сыйлығын қазақ лигасынан Маңғыстаудан келген Қалдығали Тұрақбай, орыс лигасынан алматылық Артем Посвеженский қанжығаға байлады. Қазақ және орыс лигасы бойынша «Үздік спикер» аталымын Алматы қаласынан Әлібек Сандыбек және Әділбек Рамазанов иеленді. Ал ойында әділдік көрсетіп көзге түскен Арайлым Әбдукәрімова мен Жақсылық Бекхан «Үздік төреші» номинациясын иемденді.