Қазақстандықтардың мойнына жүздеген миллиард іліне ме?
Жаңа мәжілісмендер отандық спортты қаржыландыру көздерін жапқысы келеді.
Қазақстанның бірнеше спорт федерациясы дабыл қағуда. Олар мәжіліске спорт проблемаларына мән бермейтін адамдар келді деп есептейді. Бұл пікірге федерация өкілдерін «Республика» партиясы депутаттарының бастамасы итермеледі.
4 мамырда депутаттар ойын бизнесімен күресу қажеттілігін және букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салуды талқылау үшін бірнеше шенеунік мен журналистердің қатысуымен отырыс өткізді. Осылайша, партиялықтар Қазақстанда құмар ойынға тәуелділікті немесе лудоманияны жеңуге шешім қабылдады. Бұл пайда әкеле ме, жоқ па, оны ешкім нақты айта алмайды. Бірақ жеке кәсіби қауымдастықтар арасында бұл шешім қазірдің өзінде сынға ұшырап, қызу талқыға түсуде.
«Бұл адамдар спорт әлемінен, жалпы шындықтан алыс! Қазақстанда спорт бюджетінің басым бөлігі букмекерлік кеңселер есебінен түседі.Соның арқасында бізде ат спорты бойынша жарыстар өтеді. Спорт мәдениеті артады, техникалық база жетілдіріледі. Бәйге Федерациясында бюджеттің 70% - ы демеушілерден түседі. Егер қазір жолды жабатын болса, онда даму үшін қаражатты қайдан аламыз?» - деді Республикалық зауыттық жылқы тұқымдары палатасының басшысы Талғат Жасанбаев.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, көптеген ұлттық спорт бірлестіктерін қаржыландырудың 2/3 бөлігін букмекерлік кеңселердің демеушілігімен жүзеге асады. Жалпы бюджеттің шамамен 50%-ын грек - рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, 70% -ын Бәйге Федерациясы, 80%-дан астамын Naiza Ұлттық ММА-промоушені алады. Қазақстан футбол федерациясының қолдауы ұйымның барлық демеушілік түсімдерінің шамамен 40% құрайды.
«Біз қолданыстағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде рейтингтік компаниялармен серіктестіктен түсетін демеушілік кірістерді бөлеміз. Белгілі бір бөлігі міндетті түрде бұқаралық футболды дамытуға, екіншісі – балалар мен жасөспірімдер жарыстарын қолдауға, үшіншісі - әйелдер футболын күшейтуге және т.б. бағытталуы тиіс», - деп түсіндіреді Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Андрей Дудин.
Президент 2020 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында мұндай жүктемені азайту қажеттігі туралы айтты. Содан кейін Президент кәсіби спорт клубтарын ұстауды толығымен мемлекет есебінен шектеуді ұсынды.
Тоқаев бұл қаражатты балалардың спорттық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыттауды тапсырды. Содан бері демеушілік келісімшарттар клубтарды қаржыландырудағы олқылықтың орнын толтыруға айтарлықтай көмектесті. Қазір отандық спортты дамытуға арналған бюджет қысқаруы мүмкін. Бірақ «Республика» партиясының мүшелері бұл нюанстарды мүлдем ескермейтін көренеді.
ҚФФ жақында бекітілген футболды дамыту стратегиясын ескере отырып қолдау өте маңызды деп санайды. Осыған сәйкес, федерацияның негізгі ресурстары бұқаралық және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, жаттықтырушылар кадрларын даярлауға және жаңартуға бағытталуы тиіс.
«Бүгінгі таңда серіктестік келісімдердің арқасында инфрақұрылым дамуда, жұмыс орындары құрылуда, балалар арасында жарыстар өткізілуде. Мұндай ынтымақтастықтың маңыздылығын бағаламауға болмайды», - деді Андрей Дудин.
Сонымен қатар спорт ұйымдарының өкілдері құмар ойынға тәуелділікке қарсы тұру және лудоманиямен күресу қажет деп есептейді. Бірақ оларды неге мұндай күресті букмекерлік кеңселерге тыйым салудан бастау туралы шешім қабылданды деген сұрақ мазалауда. Талғат Жасанбаев депутаттар нағыз проблемалардан бастамады деген пікірде.
«Біріншіден, ойыншылар әртүрлі. Спортқа бәс тігетіндер, негізінен, салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, тәулік бойы ойын автоматтарында тұратындардан әлде-қайда адекватты. Екіншіден, егер біздің букмекерлік кеңсемізге ресми түрде жарнамалауға тыйым салынса, жасырын түрде шықпасына кім кепіл? Адамдар бәс тігуді тоқтатпайды», - деді Талғат Жасанбаев.
Мәдениет және спорт министрлігі де бұл жағдайда жерасты ойын бизнесінің тез өркендеу қаупі жоғары екендігін түсінетін сияқты. Отырысқа қатысқан Вице-министр Ержан Еркінбаев букмекерлердің спортты қолдауға қосқан үлесін атап өтті. Дегенмен, шенеунік спорттық хабарлар мен іс-шаралардан басқа барлық жерде букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салуды талап етуде.
Алайда, егер «Республика» өз бағытынан қайтпаса, Қазақстанда бұндай іс-шаралар мен трансляцияларға не болатыны белгісіз. Мәжіліс пен министрлер кабинетінің жаңартылған құрамы құмар ойынға тәуелділікпен сапалы күресуге мүмкіндік беретін шешім табады және сонымен бірге отандық спорттың дамуына кедергі болмайды деп үміттенеміз. Егер шындығында, шығындар қазақстандықтарға жүктелсе, онда адамдар коммуналдық тарифтердің көтерілуі мен бағаның үнемі өсуіне тап болуы мүмкін.