Солтүстікте тұман, шығыста үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы

Солтүстікте тұман, шығыста үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы

Солтүстікте тұман, шығыста үсік жүреді: бүгінгі ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне орай, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағай ойнап, нөсер жауын, бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түсіп, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. "Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады", - делінген хабарламада.