ӘЧ: медаль алған боксшыларымызға қанша сыйақы беріледі?
Қазақстан ерлер құрамасы бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен 2023 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан құрамасы боксшыларының әлем чемпионатынан кейінгі сыйақысы:
- Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
- Махмұд Сабырхан (54 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
- Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
- Нұрбек Оралбай (80 келіге дейінгі салмақта чемпион) – 300 мың доллар (шамамен 134 миллион теңге);
- Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақта вице-чемпион) – 100 мың доллар (шамамен 44,6 миллион теңге).
Әлемдік турнирдің жеңімпаздары IBA-ның екі еселенген сыйақысын алады - 200 000 доллардан.
Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясынан (ҚФС) жүлдегерлерімізге 100 000 доллардан қарастырылған.