ӘЧ: Қазақстан медаль кестесі бойынша нешінші орын алды?
ӘЧ: Қазақстан медаль кестесі бойынша нешінші орын алды?
Ташкентте (Өзбекстан) ерлер арасында өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орын алды деп хабарлады turkystan.kz.
Осылайша, 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы соңғы он жылдағы үздік нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Биылғы әлем чемпионатында өзбекстандық боксшылар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алып, көш бастады.
Ал Ресей құрамасы 2 алтын, 4 қоламен үздік үштікті түйіндеп отыр.
Жалпы медальдар кестесі мынадай:
1.Өзбекстан (5-2-2).
2.Қазақстан (4-1-0).
3.Ресей (2-0-4).
4.Куба (1-3-2).
5.Франция (1-1-1).
6.Грузия (0-1-2).
7.Моңғолия (0-1-1).
7.Бразилия (0-1-1).
7.Әзербайжан (0-1-1).
10.Қытай (0-1-0).
10.Италия (0-1-0).
12.Үндістан (0-0-3).
12.Испания (0-0-3).
14.Армения (0-0-2).
15.Қырғызстан (0-0-1).
15.Иордания (0-0-1).
15.Тәжікстан (0-0-1).
15.Мексика (0-0-1).