Алматыда қатты желден 9 қабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылды
Алматыда екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан 9 қабатты үйдің қамтамасы опырылды деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«9 қабатты тұрғын үйдің 400 шаршы метр қамтамасы екпіні 13 м/с болатын желдің салдарынан құлады. Қабырғаның жалпы ауданы 600 шаршы метр», - делінген Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Оқиға 14 мамырда болған. Сағат 13:20 шамасында 1-шағынаудан, Алтынсарин 68/4 мекенжайындағы «Сарыарқа» тұрғын үй кешеніне жауапты инспектор жіберілген.
Департаменттің мәліметінше, 2 мамырда үйдің жұмсақ қаптамасының құлау қаупіне байланысты бұл учаске қоршалған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.