Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды
Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz.
Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді.
Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта Махмұд Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Санжар Тәшкенбайдан кейін Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.