Қызылордада үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды

Қызылордада үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды

Қызылордада үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 13 мамыр таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскен.
«Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды. Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды», - делінген хабарламада.
Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді. ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.