5 млн теңге: Ақмола полицейлері жоғалған 14 бас жылқыны тапты

5 млн теңге: Ақмола полицейлері жоғалған 14 бас жылқыны тапты

5 млн теңге: Ақмола полицейлері жоғалған 14 бас жылқыны тапты
ашық дереккөзі
Ақмола полицейлері 5 миллион теңгенің жоғалған жылқы табының иесіне тауып берді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Макинск қаласының тұрғыны Бұланды ауданының полиция бөліміне 14 бас жылқы жоғалғаны туралы хабарлап, көмекке жүгінді. Иесінің айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда болған. Полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шықты. Іздеу іс-шараларына еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты. Полицейлер жылқыларды көрші аудан, Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапты. Қазіргі уақытта барлық 14 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды.