Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай еркін күрестен турнир басталды
Ақберен батыр, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнир басталды. Іс-шара Атырау облысы, Жарсуат ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтуде деп хабарлады turkystan.kz.
Индер аудан әкімдігі баспасөз қызметінің
мәліметінше, турнирге еліміздің 8 және Уфа, Қазан қалаларынан 160-қа жуық балуан қатысуда.
Айта кетсек, осыған дейін турнир 1981-1988 жылдар аралығында өткен.