«AMANAT» партиясының пікірсайыс турнирі Алматыда өтіп жатыр

«AMANAT» партиясының пікірсайыс турнирі Алматыда өтіп жатыр

«AMANAT» партиясының пікірсайыс турнирі Алматыда өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Бүгін Алматыда «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «AMANAT CUP» XXI Республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Іс-шараның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек, «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев, «Тұран» университетінің ректоры, Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров, қалалық мәслихат депутаттары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.  width= Өз кезегінде, Дәулет Кәрібек пікірсайыс сыни ойлауды дамытып қана қоймай, адамның ой-өрісі мен эрудициясын кеңейтуге ықпал ететінін атап өтті.
«Барлық команда аймақтарда іріктеуден өтіп, мұнда ең мықты, ең лайықты сөз шеберлері жиналды. Көп адам пікірсайыс не үшін керек деп сұрайды. Пікірсайыс адамның өз ойын дұрыс тұжырымдауға, өз пікірін қалыптастыруға және оны аудиторияға жеткізуге үйретеді. Бұл әсіресе өз өмірін саяси немесе қоғамдық қызметпен байланыстырғысы келетіндер үшін қажет», - деді партия Хатшысы.
 width= Екі күнге созылатын турнирге Қазақстанның барлық аймағынан 60 команда қатысады. Пікірсайыс Алматыдағы Тұран университетінде өтуде. Турнир іріктеу кезеңі мен плей-офф, қазақстандық және ресейлік студенттер лигасынан тұрады. «Жастар Рухы» ұйымының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, жыл санап үздік пікірсайысшы атағын иеленуге ниет білдірушілер қатары артып келеді.  width=
«10 жылдан астам уақыттан бері сөз қадірін білетін әуесқойлар біздің алаңда кездесіп жүр. «AMANAT CUP» жастардың азаматтық сана-сезімін, сондай-ақ жалпы пікірсайыс қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Осы турнирге 150-ге жуық команда өтінім берді. Алайда солардың тек 60-ы ғана қатысып жатыр. Биыл біз талқыланатын мәселелер тізіміне букмекерлік кеңселердің зияны, қазақстандық ғылымды дамыту мәселесі, әлеуметтік желілердің маңыздылығы туралы бірқатар тақырыпты қосуды жөн көрдік. Келесі жылы ойын жеңімпаз команданың аймағында өтеді», - деді ол.
Айта кетейік, екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан дебат турнирі Ислам ынтымақтастығы ұйымы Жастар форумының Еуразиялық өңірлік орталығының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі ертең белгілі болады.