ӘЧ: финалдық жекпе-жек кестесі жарияланды

ӘЧ: финалдық жекпе-жек кестесі жарияланды

ӘЧ: финалдық жекпе-жек кестесі жарияланды
ашық дереккөзі
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан боксшыларымыздың финалдық жекпе-жек кестесі белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Финалдың бірінші күні, 13 мамырда Санжар Ташкенбай (48 кг) грузин Сахил Алахвердовимен жекпе-жекке шығады. Олар рингке бірінші жұппен шығады (сессия Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады). Ал Дулат Бекбауов (67 кг) екінші жекпе-жекте өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен кездеседі. Финалдың екінші күні, 14 мамырда Махмұд Сабырхан (54 кг) өзбекстандық боксшы Ойбек Джураевпен жекпе-жек өткізеді. Олар рингке бірінші болып шығады (сессия сағат 18:00-де басталады). Асланбек Шымбергенов (71 кг) төртінші жұпта тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) бесінші жұпта Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.