ӘЧ: финалға шыққан боксшылар саны бойынша Қазақстан нешінші орында?
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан бес боксшы финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан құрамасы – жартылай финалда жеңілмеген жалғыз құрама. Өзбекстаннан екі боксшы, Куба және Ресейден төрт боксшы және Франция құрамасының бір боксшысы қола жүдегер атанып отыр.
Бокстан ӘЧ финалында мына елдердің боксшылары сынға түседі.
Өзбекстан – 7 боксшы
Қазақстан – 5 боксшы
Куба – 4 боксшы
Ресей, Франция – 2 боксшы
Грузия, Моңғолия, Бразилия, Қытай, Әзербайжан және Италия – 1 боксшы
Ертең, 13 мамыр күні 51, 57, 63,5, 71, 80 және 92 келі салмақта, 14 мамырда (жексенбі) - 48, 54, 60, 67, 75, 86 және +92 келіде ақтық кездесулер өтеді.