Нұрбек Оралбай ресейлік боксшыны жеңіп, финалға шықты

12 мамыр, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Нұрбек Оралбай ресейлік боксшыны жеңіп, финалға шықты Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz. Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты. Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп - 4:1. Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта финалда қос қазақ - Нұрбек Оралбай мен қытайлық Тоқтарбек Таңатхан алтын жүлдені сарапқа салады.