Бір отбасының 5 адамы неден көз жұмғаны анықталды

12 мамыр, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Бір отбасының 5 адамы неден көз жұмғаны анықталды

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылындағы бір отбасының 5 адамының өліміне қатысты жасалған сараптама қорытындысын жариялады.

Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде тұрғын үйдің ауасында 1,1-1,3 мг аралығында тұншықтырғыш газ болғаны анықталды.

«Уланған адамдардың қанынан тұншықтырғыш газдан уланғанын білдіретін карбоксигемоглобин табылды. Зертхана мәліметі негізінде «тұншықтырғыш газдың улы әсері» деген диагноз қойылды», - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомство тұншықтырғыш газ түссіз, дәмсіз және иіссіз болатынын хабарлады.