Петропавлда бірнеше ер адам 3 жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан

Петропавлда бірнеше ер адам 3 жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан

Петропавлда бірнеше ер адам 3 жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан
ашық дереккөзі

Петропавлда бірнеше ер адам 16 жастағы үш жасөспірімді ұрып-соққан деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 6 мамырда болған. Интернациональная көшесіндегі «Чикен» дәмханасы жанында кәмелетке толмаған жасөспірімдерді 6 мас адам соққыға жыққан. Бейнежазба әлеуметтік желіде тараған.

«Олардың бірі облыстық балалар ауруханасында жатыр, екінші жасөспірім ауруына байланысты мүгедек. Бұл жауыздар оларды кезекпен басынан ұрған», - деп жазған жасөспірімдердің туыстары.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді.

«7 мамыр күні сағат 00:58 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына Интернациональная көшесінде төбелес болып жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатрульдер мен қалалық полицияның жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты, полиция жанжал кезінде белгісіз адамдардың 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғанын анықтады», - деп хабарлады полиция.

Бұл факт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Полиция қызметкерлері бұзақылық жасады деген күдікпен 2003 жылы туған ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеу үшін тергеу жүргізіліп жатыр, деп түйіндеді ведомство.