Алматы облысында мәдениет басқармасының басшысы ұсталды

12 мамыр, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Алматы облысында мәдениет басқармасының басшысы ұсталды

Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналдырылған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Осы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.