Жәнібек Әлімханұлы мен канадалық боксшы көз арбасты (ВИДЕО)
Орта салмақта WBО тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласы Стивен Батлермен көз арбасты деп хабарлады turkystan.kz.
Стоктон қаласында жекпе-жек қарсаңындағы соңғы баспасөз конференциясы өтті. Боксшылар титулдық жекпе-жек алдында көз түйістірді.