Жаңалықтар

Ардагерлер ардақталды

ашық дереккөзі

Ардагерлер ардақталды

Астана қаласында 9 мамыр – Жеңіс кү­ніне орай Есіл жағалауындағы ам­фи­театр­да «Отанға қызмет – ұлы құрмет» кон­церті өтті. Елорданың шығармашылық ұжым­дары қалалықтарды жеңістің 78 жыл­дығымен құттықтап, өз өнерлерін ор­та­ға салды. Мерекелік концертке «Сарыарқа» халық му­­зыкасы ансамблі, «НАЗ» мемлекеттік би теат­ры, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік ака­де­мия­лық филармонияның үрмелі оркестрі, «Тер­ра» би театры, сондай-ақ республикалық жә­не халықаралық вокал байқауларының жеңім­паздары өнер көрсетті. – Концертті Астана қаласының Мәдениет бас­қармасы әкімдіктің өзге ведомстволық ба­ғы­нысты кәсіпорындарымен бірлесіп өткізді. Кон­церт бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналған. Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қа­тысты. Концертте отандық компози­тор­лар­дың әндері мен соғыс жылдарындағы туын­ды­лар орындалды. Сонымен қатар М.Горький атын­дағы орыс драма театрының ұжымы кө­рер­мендерге театр қойылымын ұсынды», – деді Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Нұран Қамзин. Концертке жүздеген көрермен қатысты. – Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Мұны өс­келең ұрпақ білуі керек. Бұл жеңісті ешқашан ұмытпауымыз керек. Сондықтан немерелерімді кон­цертке алып келдім. Жеңіс күні құтты бол­сын!» – деді концертке қатысушы Гүлзада Есе­нова. Айта кетсек, Жеңістің 78 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүге­дек­теріне, әскери іс-қимылдарына қа­тысу­шы­ларға, Астана­да тұратын тыл еңбеккерлеріне біржол­ғы төлем аударылады.