Жаңалықтар

Ән әуелеген күн

ашық дереккөзі

Ән әуелеген күн

Биыл елорданың ашық алаң­дары мен саябақтарында Отан қорғаушылар күніне орай мере­ке­лік концерттер өтті. Соның бірі – Астана қаласы әкімдігінің «Креа­тивті индустрияларды да­мыту орталығы» ұйымдастырған «Ота­ным – аманатым» атты мере­келік кеші. Бәйтерек монументінің жанын­да­ғы алаңда өткен концертте Qanay, «Заман» тобы, Дос, Ayree, Еркеш Ха­сен, Ғаділбек Жанай, Ибрагим Ес­­­­кендір және өзге де отандық эст­ра­да жұлдыздары өнер көрсетті. «Астанада әрбір мереке қашанда ау­қымды және үлкен дайындықпен өткізіледі. Біз отбасымызбен бірге алаң­ға, саябақтарға шығып, көңіл кө­теруге тырысамыз, мұнда ылғи да кон­церттер мен интерактивтер өте­ді. Бүгін олар да Бәйтерек маңын­­­да­ғы концертке қатысты. Жұрт риза, көңіл-күйлері керемет. Елімізде бей­­­­бітшілік пен тыныштық мәң­гі­лік болсын!» – деп тілек айтты ас­­­та­­­­налық Мәриям Нұршайыхова. Осылайша, астаналықтардың де­малыс күндері мерекелік көңіл-күй­мен көмкерілді. Бұл кеште за­ма­науи әндерден бөлек, патриоттық ән­дер де елорда төрінде шалықтады. Мамыра-жай демалыс күндері ме­рекелік көңіл күймен көмкерілді. Со­нымен қатар Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік күзет қыз­меті айрықша мақсаттағы күш­тер­дің сарбаздары және Қазақстан Рес­­публикасы Қарулы Күштері ұлт­­тық әскери-патриоттық орта­лы­­ғының орталық әскери үрмелі ас­паптар оркестрі өнер көрсетті. Ола­р­­ға деген халықтың ықыласы ерек­ше болды. Ұйым­дастыру­шы­лар­­дың айтуынша, мұндай іс-ша­ра­лар жастарды отансүйгіштікке тәр­­биелейді. – Қала тұрғындары, қонақтары ашық аспан астындағы үлкен кон­церттерді сағынып қалғанын бай­қа­дық. Сондықтан алдағы уақытта да осындай концерттерді өткізетін бо­ламыз. Отан қорғаушылар күні­не арналған концертті астана­лық­тар зор ықыласпен тамашалады, – деді Астана қаласы Мәдениет бас­қар­­­масының басшысы Жаңабай Мейір­манқұлов. Айта кетсек, ашық аспан алаңы­на 5 мыңнан астам адам жиналып, өнер­паздар 4 сағатқа жуық уақыт ән мен күйге бөледі. Концерт бары­сын­да ойындар, жәрмеңкелер және конкурстар ұйымдастырылды.