Дала ботқасының дәмін татты

12 мамыр, 2023 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Дала ботқасының дәмін татты Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесіне орай 50-ден астам түрлі іс-шара өтті. Отан қорғаушылар үшін патриотизмнің, ар мен намыстың, борыш пен батылдықтың үлгісі болып табылатын Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған концерттер, қойылымдар қала халқына ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ көрмелер, спорттық турнирлер жастардың бір алаңда жиналуына, жер үшін, ел үшін тер төгіп, қан кешкен боздақтарымыздың ерлігін есте сақтауға оң әсерін тигізді. Соғыссыз әрбір атқан таң, батқан күн үшін күрескен отан қорғаушыларымыз бен ардагерлеріміздің ерен еңбегін бағалау – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Осы орайда Үркер тұрғындарына арналып 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға тұрғын алапта орналасқан елордалық Ұлттық гвардия жедел бригадасының әскери оркестрінің де сарбаздары қатысты. Туған жер мен Отанын қорғау – батыр ба­ба­лары­мыз­дың кейінгі ұрпаққа қалдырған өш­пес өсиеті, қа­сиетті дәстүрі. Сондықтан да бү­гінде сайыпқыран сар­баздарымыз ата-ба­ба­мыздың ерлік дәстүрін лайық­ты жалғастырып, әс­кери борыштарына, ан­тына адал қызмет атқаруда. Бүгінде жауынгерлеріміздің ұрыс қабілеті ар­­тып, әскеріміз қазіргі заманғы қару-жарақ­тар­мен жаб­дықталып, білікті кадрлармен толы­ғып келеді. Ота­нымыздың шекарасын, ау­мақ­тық тұ­тастығын қор­ғау үшін барлық қа­жетті жағ­дай­лар жасалуда. Жауын­геріміздің бойында отан­шылдық рухты кү­шейтіп, әскери қызметтің абы­ройы мен беделін кө­­теру мақсатында ұйым­дастырылған іс-шараға елор­да мен елді мекеннің тұрғындары, сондай-ақ Ұлт­тық ұланның №5573 әскери бөлімінің отстав­ка­дағы және қазіргі әскери қызметшілері қатысты. Ант берген сәттен бастап әрбір әскери қыз­мет­­кер­ге қазақстандықтардың бейбіт өмірін сақ­тау жауап­кершілігі жүктеледі. Елдің қор­ғаушысы болу, Отан алдындағы борышын орын­дау және өмірін Отан­ға қызмет етуге арнау ауырт­­­палық емес, бұл – үлкен құрмет. Әрбір әскери қыз­метшіні мерекемен құ­ттықтаймын!» – деді Ұлттық ұланның №5573 әс­кери бөлімінің коман­дирі, полковник Аян Есжа­нов. Концерт аяқталғаннан кейін қонақтарға да­ла­да дайындалған ботқа ұсынылды. Тағамды Ұлт­тық гвар­дия сарбаздары дайындады. Мектеп оқушылары да мерекені ұйымдас­тыру­ға өз үлестерін қосты. Мысалы, жергілікті ау­ла клу­бы­ның аспаздық үйірмесінің қатысу­шы­лары тауарлар жәр­меңкесін ұйымдастырып, өз­дері дайындаған түрлі тағам өнімдерін сатуға қойды. Мерекелік жиын барысында Үркер аула клу­бында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдас­тырылатын сурет және үздік ұлттық киім бай­қауының жеңім­паздары марапатталды. Сондай-ақ «Тату отбасы» бай­қауының жеңімпаз­дары анықталды.