Шығысқа шырай берген ALTAI арнасы

Шығысқа шырай берген ALTAI арнасы

Шығысқа шырай берген ALTAI арнасы
ашық дереккөзі
Өңір тарихының өрнегін таспалап, жаңалығын жұртқа жеткізіп «халықтың құлағы һәм көзіне» айналып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өзіндік тарихы бар. Солардың бірі – көгілдір экран арқылы көпшіліктің көңіл көгінен орын алған Шығыс Қазақстан облыстық «ALTAI» телеарнасы. «ALTAI» телеарнасының ақпарат айдынында қанат қаққанына биыл 65 жыл толып отыр. Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық «ALTAI» телеарнасының директоры Нұртас Солтанұлымен сұқбаттасқан едік. – Жарты ғасырдан астам уақыт шығыстағы жаңа­лықтың жаршысына айналып келе жатқан бұл ақпарат құралы еліміздегі телеарна тари­хын­да екінші болып ашылған екен. Әңгімені те­леарнаның қалыптасып даму жолынан бас­тасақ. – Біз адамзат тарихы Алтайдан бастау алатын­ды­ғын мақтан етіп келе жатқан жұртпыз. Сол сияқты те­­­леарна тарихын да алғашқы болып бастаған об­лыс­тар­дың бірі ретінде мақтана аламыз. Қазіргі ALTAI тел­еарнасы елімізде екінші арна болып 1958 жылғы 16 наурыздан бастап хабар тарата бастапты. Бұл енді біз­дегі журналистика мектебінің ерте қа­лып­тас­қан­ды­ғының бір дәлелі. Шығыс өңірінде алғаш болып те­леарна ашылуына облыстың экономикалық жағ­дайы­ның жоғары болғандығы әсер еткен шығар деп ой­лаймын. Өйткені Өскемен ерте бастан өндірістік қала ретінде ел экономикасына елеулі үлес қосқан өңір. Ал телеарна тарихына аз-кем тоқталар болсақ, 1959 жылдан бастап аймақта киноөндіріс құрыла бас­­­таған. Қазіргідей заманауи технология болмағаны бел­гілі, сондықтан да алғаш рет операторлардың «Киев-С» деген қарапайым камерамен жұмыс істе­ге­ні­нің өзін бір тарих деуге болады. Ол камераларда тү­сірі­лім 15 метрлік пленкасы бар касеталармен жүр­гізі­ліпті. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 ми­нут­тық түсірілімге жеткен екен. Осылай жұмысқа кі­ріс­кен телеарна таралу ауқымын кеңейтіп, 1968 жы­­­лы 1 мамырдан бастап Өскемен мен бірқатар ау­дан­дарға жаңалық тарата бастапты. Ал 1974 жылдан бері жұрт республика және одақ көлеміндегі жаңа­лық­тардан құлағдар болып отырған. – Тарихы терең телеарна шығыс өңірінде жур­­­налистика мектебінің қалыптасып, дамуына ық­пал етті деуге бола ма? – Әрине, әуел бастан жоғары деңгейде жұмыс істей біл­ген деуге болады. Сонау 1980 жылы Шығыс Қа­зақ­стан облыстық телевизиялық студия киноопера­тор­лары Мәскеу олимпиадасын түсіруге қатысты. Осы­дан-ақ облыстық телеарнада мықты мамандардың жұ­мыс істеп, мектеп қалыптастырғанын білуге бо­ла­тын шығар. Тіпті, арғы тарихтың тереңіне бойламай-ақ бертінгі біз білетін жылдардың өзінде телеарна жур­налистиканың мықты мектебін қалыптастыра білді. Мысалға айтар болсақ, бір кездері Қытай, қазір АҚШ-тың жаңалығын жеткізіп жүрген журналист, Нұрбек Бекен осы телеарнаның мақтанышы. Еліміздегі та­нымал журналистер Айдос Жұқан, Айнұр Омар қа­тарлы бірқатар журналистер ALTAI телеарнасынан түлеп ұшқандығын жұрт біледі. Өңірдегі меншікті тіл­шілердің біразы осы телеарнадан қанат қаққандар. Ал әр жылдары телеарна үшін тер төккен Қайсағали Қа­лидолдин, Мұрат Тастағанов, Әсира Нажмаддинова сын­ды ардагерлеріміздің еңбегін бізге салып кеткен даң­ғыл жол деп білеміз. Осыған дейін талай-талай жур­налистерді баптап келген телеарна өңірдегі тіл­ші­лер мектебінің қалыптасуына әлі де үлесін қоса бер­мек. Қазір жаһандық технология тетігін меңгеріп, за­ман үрдісін санаға сіңірген тілшілеріміз көгілдір эк­ран бетіне көпшіліктің көңілінен шығатын ақ­парат­тық өнімдерін ұсынып келеді. – Телеарна осы жылдар арасында көптеген құн­ды медиаөнімді көрерменге ұсынып келгені бел­гілі. Ел есінде ерекше қалған қандай бағдар­ла­маларын айтар едіңіз? – Бұл енді көрермендердің берер бағасына бай­­ла­ныс­ты ғой. Десе де, бір кездері бізде бұл телеарнаның кө­рермені болғандықтан өз тарапымнан жауап бе­рейін. Жалпы, уақыт талабына, ұлттың рухани сұра­ны­сына қарай талай-талай бағдарламалар жарыққа шы­ғып, көрерменнің көңілінен шыққанына тарих куә. Дер кезінде көгілдір экранға шығып өз миссиясын ат­қарып кеткен шығарылымдар бүгінгі таңда ар­на­мыздың бай мұрасына айналып, мұрағат қоржынын тол­тырып отыр. Ал енді менің замандастарымның есін­де қалғаны «Ақжолтай» хабары деп ойлаймын. Бұл ха­бар өз кезегінде қазіргі таңдағы әлеуметтік же­лі­лер­дің міндетін атқарған болатын. Толассыз құт­тық­тауларға толы хабар болатын. Бұдан өзге әр салаға қа­­­тысты көптеген хабар болды. Жалпы, кез келген те­леарнаның басты бағдарламасы, жүрегі – жаңа­лық­тар. Сондықтан ALTAI телеарнасының да 65 жыл бойы ті­­келей эфирде тынбай жаңалық таратып келе жат­қан­дығын ерекше атап өтуге болады.  width= – Тарихы терең арнаның тізгінін ұста­ға­ныңыз­ға біраз уақыт болып қалды. Қандай же­­­тістікке жеттіңіздер? – Бұл сұраққа қатысты сәл шегініс жасай кетейін. Осы­дан алты жыл бұрын, яғни 2017 жылы телеарнаға реб­рендинг жасалып, атауы ALTAI болып өзгерген бо­ла­тын. Сол тұстағы біздің корпорация төрағасының бас­тамасымен Қазақстанның өңір-өңіріндегі тел­еар­на­лары облыстың географиялық аумағына қатысты есім­дерді еншілеген болатын. Осыған дейінгі атауы ала-құла болып келген теларна ALTAI арнасы болып өз­геріп, күллі түркі баласына қастерлі есімді иеленген соң, көрерменнің көңіліндегі салмағы артты. Ал мен телеарнаға алғаш басшы болып келген кезде эфирдегі ақпараттық өнімдердің сапасына көбірек көңіл бөл­дім. Көгілдір экран арқылы көпшілікке үлгі бо­ла­тын тілшілердің тіл тазалығына ерекше талап қойдым. Тіл демекші, біздегі ішкі іс-қағаздардың түгелге дерлігі қа­зақ және орыс тілдерінде қатар жүргізіліп келіпті. Қа­зір барлық ішкі құжаттар 100 пайыз қазақ тілінде жүрі­летін деңгейге жетті. Меніңше, ұлтқа, тілге, жалпы елге деген құрмет осындай жекелеген ұжымдардағы ша­ғын мысалдардан басталып, мемлекеттік деңгейге дейін шығуы тиіс. Бұдан бөлек, соңғы 3 жылда біздің ар­наның хабарлары түсірілетін студиялар толықтай жаң­ғырды. Соның арқасында «Алтай ақпарат» жаңа­лық­тар қызметі, «Алтай таңы» таңғы сазды хабары жә­не «Жаңа Қазақстан» бағдарламасының деко­ра­ция­сы жаңарып, көрерменнің жоғары бағасын алды. Тағы бірауыз толтырып айтатын дүние, телеарна ғимара­ты­на жасалған жөндеу жұмыстарына қатысты. – Телестудия құрылысына жөндеу жұмыс­та­рын жүргізу күн тәртібіндегі мәселе ме еді? – Телестудияға келетін қонақтар өте көп. Бергісі біз­дің облыстан, арғысы Алматы мен Астанадан ке­ле­тін өнер адамдарын, тұғырлы тұлғаларды, талантты жас­тарды қонаққа шақырғанда ғимаратымыздың кел­беті бірден көзге түседі. Телеарна дегеніміз ай­мақ­тың айнасы іспетті. Оның үстіне біздің ғимаратымызға то­лық­қанды жөндеу жасалмағанына 18 жылдан асып ке­тіпті. Сондықтан қарашаңыраққа шамамыз кел­ген­ше жөндеу жұмыстарын жүргізу керек деп шештік. Осылайша, телеарнаның 1-2 қабаттары мен негізгі ха­барлар түсірілетін үлкен және шағын павильондар бас­тан-аяқ жөнделді. Телеарна саласында «еден елге бірін­ші көрінеді» деген ұғым бар. Сондықтан қазір за­манауи кепке енген біздің арнада кез келген дең­гейдегі хабарларды түсіріп, мәртебелі меймандарды қар­сы алуға барлық жағдай бар. 2 жыл бойы кезең-кезеңмен іске асқан бұл жобаға ерекше қолдау көр­сетіп, демеушілік еткен «Казцинк» компаниясына, осы мекеменің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы ди­ректоры Андрей Лазарев мырзаға ерекше алғыс айт­қым келеді. Сәтін салса, бұл жұмысты алдағы уа­қыт­та да жалғастыру жоспарда бар. – Бүгінгі таңдағы цифрлық әлеммен және қар­қыны қатты әлеуметтік желімен қандай бай­ланыста жұмыс істеп отырсыздар? – ALTAI телеарнасы – Шығыс Қазақстан облы­сы­ның 97 пайызына сандық форматта, ал OTAU TV же­лісі арқылы бүкіл Қазақстан аумағы мен көршілес ел­дердің шекаралас өңірлеріне тәулігіне 14 сағат бойы хабар таратады. Телеарнаның Facebook, YouTube, Instagram әлеуметтік желілерінде мыңдаған қол­дану­шылар тіркелген. Яғни, біз өз өніміміз бен телеар­на­мыз­да болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде әлеу­меттік желіге салып, көрерменмен кері байланыс ор­натып келеміз. Оның үстіне, 2022 жылы телеар­на­ның ресми сайты жаңарып, әдемі дизайнмен жасалған www.altaitv.kz сайтымыз жұмыс істеп тұр. Ресми сайтта және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының qazaqstan.tv мобильді қосымшасында онлайн хабар­ларымыз таратылады. – Биыл телеарнаға 65 жыл толады екен. Осы уа­қытқа дейін атқарылған жұмыстарға бір қо­ры­тынды жасап, алға жаңа жоспарлар құратын шы­ғарсыздар. – Бұл енді бір күнде өткізе салатын той емес бо­л­ған­дықтан жоспарлаған іс-шараларымызды ертерек бас­тап кеткенбіз. Бастысы, елдің есінде қалатын, пай­далы дүниелерді іске асыруға тырыстық. Торқалы той­ға орай телеарна тарихы мен келбетін паш ететін­дей түрлі бейнероликтер жасап, көгілдір экран арқы­лы таратқанымызға біраз уақыт болды. Алғаш хабар таратқан 16 наурыз күнгі эфирді тұтастай мерейтойға ар­надық. Бұл күні өзіміздің ардагерлерімізден сұхбат алып, ұрпақтар сабақтастығын көрсеттік. Осыдан кейін еліміздегі ең танымал QUIZ интелллектуалды ойынының бір саны арнамыздың 65 жылдығына орай өтіп, облыстың түкпір-түкпіріндегі білімді, талантты жас­тар қатысып, мерейтойға орай марапатталды. Ал ал­дағы 13 мамыр күні журналистер арасында өңірара­лық футбол жарысы өтеді. Оған Жетісу, Абай облыс­тары және өзіміздің өңірден әріптестеріміз келіп қа­тыс­қалы отыр. Жуықта қайырымдылық шарасын өт­­кізіп, көмекке мұқтаж бірнеше отбасына азық-түлік се­б­етін тарату жоспарымызда тұр. Тағы бір айтатын жайт, мерейтойға орай біздің арнаның тілшісі Гүлдана Айдарқызы мен аға операторымыз Александр Кари­мов Түркияның төрт бірдей тарихи қаласына сапар­лап, саяхаттап келді. Бұл сапардың шығынын мерей­тойға сый ретінде Түркітілдес журналистер қоры кө­теріп алды. Осы орайда қордың басшысы Нәзия Жоя­мергенқызына алғыс айтқым келеді. Ол кісі ай­мақтағы тілшілердің шетел көруіне үнемі қолдау көр­сетіп келеді. Сонымен қатар мерейтой қарсаңында те­лестудия айналасына ағаш отырғызуды жоспарлап отыр­мыз. Ал негізгі салтанатты іс-шара 19 мамыр күні «Ер­тіс концерт» орталық мәдениет үйінде өтеді. Ау­қым­ды шараға облыс басшылығы, «Қазақстан» те­лера­дио­корпорациясының жетекшілері және елімізге та­ны­мал тележурналистер мен медиаменеджерлер қа­тыса­ды. 1 сағатқа жоспарланған мерекелік концерт бары­сында мерейтой құрметіне жазылған телеар­на­ның әнұраны алғаш рет шырқалады. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлеріміз бен ардагерлерімізге әзір­леп отырған түрлі мерейтойлық марапаттарымыз және бар. Ендеше, халықаралық Túrkistan газеті арқы­лы ALTAI арнасының барша көрермендерін 19 ма­мыр күні осы тойға шақырамын.

Сұхбаттасқан

Б.Балықбай