Жаңалықтар

Мейірімді мекеннің тұрғындары

ашық дереккөзі

Мейірімді мекеннің тұрғындары

Алматы қаласында көпбалалы аналар ме­кендейтін «Мейірім мекені» атты орталық бар. Олар қашан үй алып кеткенше осында тұра­ды. Қазақстанда әзірге жалғыз бұл жо­ба­ның авторы – белгілі кәсіпкер, «Алма­ты­Мет­роҚұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімов. Осыдан екі-үш жыл бұрын Қайрат Рейімовтің ба­­сына бұлт үйірілгені мәлім. Республикалық БАҚ бұл оқиға жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат таратты. Кә­сіпкердің бизнесін тартып алмақ болған дүмді күш­­тер оның үстінен қылмыстық іс қозғатып, тер­­геу изоляторына қаматты. Бірақ негізгі ма­ман­дығы – заңгер, өз ісін бес саусағындай білетін бі­лік­ті маман Қайрат Ниетбайұлын бопсалағандар де­геніне жете алған жоқ. Ол заң аясында өзін қор­ғап, ақталып шықты. Бизнесін де сақтап қалды. Жә, бұл басқа әңгіменің тақырыбы, жоғарыда ата­л­ған орталыққа оралайық. Алты ай темір тор­дың ішінде отырғанда Қайраттың байқағаны, бұнда түсетіндердің 80 пайызы – жастар екен. Тағы бір аң­ғарғаны, бәрінің дерлік әкесі жоқ. Әкесі жоқ де­ген­де, «айналайын баладан, тауып алған даладан» де­ген­дей, «тауып алған» балалар емес, біреудің кін­дігінен жаралғаны хақ, бірақ әлгі «әкенің» қайыры жоқ. Рас, асыраушысы қайтыс болған отбасылар да бар. Үйсіз-күйсіз, біреудің есігінде жү­ріп, тапқанын бала-шаға­сы­ның аузына тосатын байғұс әйелдің бір қолын екі ете алмай жүргенін ұлы кө­ріп өседі. Толық емес отбасында өс­кен оның жарытып білім алмайтыны да анық. Көбіне шешесіне, бауыр­ла­ры­на қарайлайды. Анасына көмектескісі ке­леді. Бірақ жұмыс табыла бермейтіні та­ғы бар. Ал сол кезде бірдеңеге шұғыл ақ­ша керек болып қалады. Шешесі ауы­рады, бауырына киім керек деген сы­қылды. Өсіп қалған бала не істейді? Амалсыздан ұрлық жасайды немесе бел­гілі бір топтың нысанасына ілігіп, есірткі сатады. Міне, осы кезде құқық қорғау органдарының қолына түседі. Жастайынан түрмеге түскен оның арғы тағдыры қандай болатыны айт­па­са да түсінікті...