Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды

12 мамыр, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елге қайтарылған қаражат сомасын атады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды», - деді Берік Асылов.
Бас прокурордың айтуынша, қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар атқарып жатыр.