Бүгін бес боксшымыз әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласады
Бүгін бес боксшымыз әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласады
Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандықтардан Астана уақытымен сағат 15.00-де басталатын күндізгі сессияда алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шығады. Қарсыласы - Ресейдің төрт дүркін чемпионы Эдмонд Худоян.
Ал Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта 2017 жылғы әлем чемпионы әрі екі мәрте жүлдегері, кубалық Йосвани Вейтиямен финалға шығу үшін таласады.
Дулат Бекбауовқа (67 кг) грузиялық Лаша Гурулиге қарсы тұрмақ.
Сағат 19.00-де басталатын кешкі сессияда ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) үндістандық Нишант Девпен жұдырықтасады. Ал Нұрбек Оралбай (80 кг) Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен қолғап түйістіреді.