Кахраманмарашта тағы жер сілкінді

Кахраманмарашта тағы жер сілкінді

Кахраманмарашта тағы жер сілкінді
ашық дереккөзі
Түркияның Кахраманмараш провинциясында 4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы turkystan.kz Анадолы-ға сілтеме жасап хабарлады. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 17:57-де (Астана уақытымен 20:57) тіркелген. Табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасының мәліметі (AFAD) бойынша, жер сілкінісің ошағы Гёксун ауданында орналасқан. Жерасты дүмпуі 11,56 шақырым тереңдікте болғаны анықталып отыр. Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдық жойқын жер сілкінісі болған еді.