12 мамырда Шымкентте дабыл қағылады
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 мамырда өңірде дабыл жүйесі қосылады деп хабарлады turkystan.kz.
«Шымкентте жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар аясында 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11.00-де құлақтандыру жүйесінің сиреналары іске қосылады», - делінген хабарламада.
Сейсмикалық жаттығулар кезінде «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылы қосылып, теледидар мен радио арналары арқылы беріледі.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларға түсіністікпен қарап, үрейге салынбауды сұрады.