Жаңалықтар

Шабандоз Бензема, құсбегі Трамп: шетел жұлдыздарын ұлттық нақышта киіндірген дизайнер

ашық дереккөзі

Шабандоз Бензема, құсбегі Трамп: шетел жұлдыздарын ұлттық нақышта киіндірген дизайнер

Кейінгі кезде Instagram мен Tik-Tok-тан бұрынғы қазақ зиялыларының бүгінгі келбетін, қазақша киінген танымал шетелдік жұлдыздарды жиі көретін болдық. Бұл – дизайнерлердің ізденістері мен креативтерінің жарқын көрінісі. Әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған Уил Смиттің шапан киген, Трамптың тақиядағы фотосын жасаған жас дизайнер Данагер Бірлесбекпен аз-кем сұхбат құрдық. Сөз арасында дизайнерден халықтың шапан киген Ди Каприо мен Илон Маскты қалай қабылдап жатқанын да сұрадық. Мен бұған дейін фотошоп арқылы мүлдем екі түрлі суреттерден микс композициялар жасағанды ұнататын едім. Ал, осы ЖИ арқылы жасалған суреттерді 95% оқырман өте жақсы қабылдап жатыр. Қайтадан сондай туындылар жасауға бірнеше тапсырыс түсті. Суреттерді сатып алған адамдар да бар. Алдағы уақытта қазақша киінген жұлдыздардан бөлек, суреттері аз кездесетін қазақ тұлғаларын жасағым келеді, - дейді ол. Мамыр айының басында Астанада әнші Мақпал Жұмабайдың Еrteñ атты шығармашылық кеші өткен болатын. Сол жобада Данагер Бірлесбек дизайнер ретінде жасанды интеллект негізінде суреттер жасады. Еrteñ концептуалды концертінде осы концептіге сүйеніп, визуалдық идеялар ұсындық. Біз жасаған визуал командалық жұмыс болды. Ол жерде Шыңғыс Әбдіразақ, Мақпал Жұмабай, Тоғжан Құрманжанова, Шырын Мустафина және Арайлым Серіковамен бірлесе жұмыс істедік. Концерттің дәл осы визуалды жұмыстарына 1,5 ай кетті. Мақпалшердің концертінде орындалатын әр шығармасы мен сахналық көріністерімен үйлесімді композициялық туынды ойластырдық. Осы жобаға дайындықты бастағаннан концертке дейін 3 000-ға жуық генерациялық суреттер жасалды, - дейді Данагер. Талантты өнерпаз алдағы жоспарлары туралы айтып, дизайнер ретінде нені өзгерткісі келетінін тілге тиек етті.