Түркістандық тұрғын анасын велосипедпен қажылыққа апармақ

Түркістандық тұрғын анасын велосипедпен қажылыққа апармақ

Түркістандық тұрғын анасын велосипедпен қажылыққа апармақ
ашық дереккөзі
Түркістан облысының тұрғыны қажылыққа велосипедпен аттанды. Ер адам құлшылық жасау үшін өзімен бірге анасы мен әпкесін алып шыққан деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Түркістан қаласына келген оларды кездейсоқ көріп қалған тұрғынның бірі тоқтатып, аз-кем әңгімеге тартқан. Желідегі ақпаратқа сенсек, қажылыққа аттанғандар Төрткүл ауылынан жолға шыққан. Велосипедке тиелген арбаға «Имам махди, Меккеге сапар» деп жазылған. Видеоны көрген желі қолданушылары алыс сапарға аттанғандардың ниеттері қабыл болып, елге аман-есен оралуларын тіледі. «Жол болсын, аман-есен барып келіңіздер», «Алла тағала ниеттерін қабыл етсін», «Алла жолдың жеңілдігін берсін» деп жазды желі қолданушылары. Пікір білдіргендердің бірі қажылыққа аттанғандарды Сауран ауданы Шорнақ ауылынан көргенін, ал енді бірі ниет етушілердің туысы екенін алға тартып, олар Қызылордаға жетіп қалғанын жазған.