7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам Шымкентте ұсталды
Жеті жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.
«Азаматты полицейлер Шымкент қаласынан ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан ер адамды экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.