Төрешілерге сұқ саусағын көрсеткен қырғыз боксшысы жарыстан қуылды
Өзбекстан астанасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы жекпе-жектердің бірі үлкен дауға ұласты деп хабарлады turkystan.kz.
Vesti.kz сайтының мәліметінше, оқиға 80 келі салмақтағы қырғыз боксшысы Омурбек Бекжигит уулу мен хорватиялық Габэриэл Веочич арасындағы 1/8 финал кездесуінен кейін болды.
Жекпе-жек үстінде төреші қырғыз боксшыға екі ескерту жасады. Ал үшіншісінен кейін жекпе-жекті тоқтатып тастады. Осылайша, Бекжигит уулу екінші раундта дисквалификацияға ұшырап, жеңісті хорватиялыққа берді.
Алайда, Қырғыз елінің боксшысы бұған қатты наразы болып, төрешілерге саусағын шошайтып, дөрекілік танытты. Ал Хорватия тарапы IBA-ны боксшыны жазалауға шақырды.
«Қырғыз боксшы дисквалификациядан бөлек IBA тарапынан қатаң жазаға лайықты. Италиялық төрешінің беделді шешімінен кейін ол қарсыласының қолын аламады және делегеттарға бірнеше рет ортаңғы саусағын шошайтты!» - делінген Хорватия бокс одағының Instagram желісіндегі жазбада.