Үйдің бір бөлігі құлаған: Ақтауда үш адам үйінді астында қалды

11 мамыр, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Үйдің бір бөлігі құлаған: Ақтауда үш адам үйінді астында қалды Ақтаудағы 9-шағынауданда орналасқан үйдің кіреберіс бөлігі опырылып, үш адам үйінді астында қалды. Оқиға орнында бір азамат қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, ескі қалқаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығы қызметкерлері зардап шеккен.
«Екі азамат ауруханаға жеткізілді. Біреуінің аяғы сынған. Жалпы жағдайлары тұрақты», - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.