Астанада 6-қабаттан секірмек болған 45 жастағы азамат құтқарылды (ВИДЕО)
Астана полицейлері көпқабатты үйдің терезесінен секіргелі тұрған ер адамды құтқарды деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға Рысқұлбеков көшесінде болған. «102» арнасына әйел хабарласып, оның 45 жастағы жұбайы 6-қабаттан секіремін деп қорқытып жатқанын айтқан.
Оқиға орнына патрульдік полицейлер Әділет Далабаев пен Нұрғазы Марат келді. Қызметкердің бірі төменде қалып, ер адаммен диалог жүргізіп, райынан қайтаруға тырысқан. Ал екінші қызметкер пәтерге кіріп, ер адамды ұстап алып, тартып кіргізген. Ер адамға психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғынды мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.