Теміртауда 12 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Теміртауда 12 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Теміртауда 12 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті
ашық дереккөзі
Теміртауда «Металлург» стадионының футбол алаңында қақпа баланың үстіне құлаған деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға барысы мен бет-аузы қанға боялған жасөспірімді куәгерлер видеоға түсіріп алған. 12 жастағы баланың басынан жарақат алғаны хабарланды.
«Бұл ересектердің немқұрайлығынан зардап шеккен алғашқы бала емес. Бұған кім жауап береді?» – деп күйінеді тұрғындар.
Теміртау стадионында жарақат алған 12 жастағы жасөспірім ата-анасының көмегімен қалалық орталық аурухананың қабылдау-диагностика бөлімінің травматология бөліміне жеткізілген.
«Түскен кезде баланың жағдайы қанағаттанарлық болған. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, жарасына хирургиялық ем көрсетілді. Кейін Мақажанов атындағы көпсалалы емханаға қайта бағытталды. Диагнозы: желке аймағының көгерген жарасы», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Тексеруден кейін бала амбулаторлық емдеуге жіберілді.