Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі тіркелді
Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21 кезінде Ауғанстанда жер сілкінісі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.