Жаңалықтар

Әйгілі қазақстандық боксшы өмірден өтті

ашық дереккөзі

Әйгілі қазақстандық боксшы өмірден өтті

Белгілі қазақстандық боксшы, жаттықтырушы, КСРО спорт шебері Леонид Тілеубаев 72 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ekaraganda.kz жазды деп хабарлады turkystan.kz. Леонид Тілеубаев 1950 жылы 8 маусымда Қарағанды облысының Ғабиден Мұстафин кентінде әскери қызметшінің отбасында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қарағандыдағы дене шынықтыру және спорт техникумына түскен. Ол – 63,5 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионы, Қазақ КСР-нің төрт дүркін чемпионы. 1971 жылы КСРО - АҚШ матчына қатысқан. 1973 жылы «Қазақстанның үздік боксшысы» атағына ие болды.