Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатындағы қазіргі нәтиже қандай?

Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатындағы қазіргі нәтиже қандай?

Қазақстан, Куба, Өзбекстан: әлем чемпионатындағы қазіргі нәтиже қандай?
ашық дереккөзі
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар саны бойынша нәтиже белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Жартылай финалға жолдама алған боксшылар жөнінен Қазақстан құрамасы төртінші орында тұр: 5 боксшымыз бақ сынайды. Көшбасында Өзбекстан құрамасы: 9 боксшысы жартылай финалға жолдама алды. Одан кейінгі орындарда Куба мен Ресей тұр: 6 боксшы шаршы алаңға шығады. Ал Грузия, Үндістан, Франция және Испаниядан жартылай финалға  3 боксшыдан өтсе, Армения, Моңғолия, Бразилия және Әзербайжан - 2, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Қытай, Мексика және Италия бір спортшысына үміт артып отыр.