Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: боксшыларымыздың 10 мамырдағы жекпе-жек кестесі жарияланды

ашық дереккөзі

Әлем чемпионаты: боксшыларымыздың 10 мамырдағы жекпе-жек кестесі жарияланды

Ташкенттегі әлем чемпионатының ширек финалында сынға түсетін қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. 10 мамырда бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегі өтеді. Онда Қазақстаннан жеті спортшы өнер көрсетеді. Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда үш қазақстандық шаршы алаңға шығады. А рингіндегі үшінші жұпта Серік Теміржанов (57 кг) кубалық Сайдел Ортамен кездеседі. А рингіндегі сегізінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 кг) француз Макан Траоремен, ал Б рингіндегі оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 кг) иорданиялық Хуссейн Эйшайш Ишайшпен жұдырықтасады. Сағат 19: 00-де кешкі сессия басталады. Бұл уақытта Қазақстаннан төрт боксшы шығады. Б рингіндегі бірінші жұпта Санжар Ташкенбай (48 кг) жапондық Казума Аратакемен, үшінші жұптағы А рингінде Махмұд Сабырхан (54 кг) Гана боксшысы Мұхаммед Амадумен, ал сегізінші жұпта А рингінде Дулат Бекбауов (67 кг) мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен жекпе-жек өткізеді. Он төртінші жұп Б рингінде Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездеседі.