Джалолов Қамшыбекпен кездесер алдында мәлімдеме жасады
Джалолов Қамшыбекпен кездесер алдында мәлімдеме жасады
92 келіден астам салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алатынына сенімді екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
2020 жылы Олимпиада чемпионы, ал 2019 жылы әлем чемпионы атанған боксшы қазір ширек финалға шықты.
«Мен мұндай жағдайдағы боксқа үйреніп қалдым. ...Менен бәрі тек «алтын» күтетінін білемін, бұл маған ешқандай қысым емес. Біз бұл алтын медальды аламыз. Барлық жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін рақмет», - деді Джалолов.
Естеріңізге сала кетейік, 10 мамырда, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Баходир Джалоловтың қарсыласы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев болады.