Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңіс күніне арналған «Ерлік жайлы естеліктер» атты мерекелік концерт-спектакль өтті деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Мерекелік концертке Халық қаһармандары Бақытжан Ертаев пен Айдын Айымбетов және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және басқалар қатысты.
«Маған бәрі ұнады. Қойылым да, актерлердің өнері де, режиссура да көңілімнен шықты. Батырларымыздың есімі аталған әндердің шырқалғаны керемет бір әсер берді. Қазақстан майдан даласына аттанған әрбір батырының ерлігін құрметтейді», - деді қала тұрғыны Диас Темірханов.
Мерекелік кеш барысында майдан әндерімен қатар, театрландырылған қойылымдар қойылды.