ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысын нокдаунмен жеңді

ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысын нокдаунмен жеңді

ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысын нокдаунмен жеңді
ашық дереккөзі

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда боксшымыз Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасты. Үшінші раундта израильдік нокдаунға түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп (5:0), ширек финалға шықты. Енді Асланбек француз Макан Траоремен кездеседі.