Жаңалықтар

«Әдемі қыз еді»: мұғалім 14 жастағы Аружанның өліміне қатысты тың дерекпен бөлісті

ашық дереккөзі

«Әдемі қыз еді»: мұғалім 14 жастағы Аружанның өліміне қатысты тың дерекпен бөлісті

Төрткүлдегі сұмдық жағдайдың шындығы әлі толық ашылып біткен жоқ. 9-сынып оқушысының өлімі тек ауылдастарын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының назарында деп хабарлады turkystan.kz. Аружан әжесінің үйінде жүріп, сол ауылда тұрып,сол жердегі мектепте білім алып жүрген. Ата- анасы Астанада тұрыпты. Бүгінде Аружанды аса қатыгездікпен өлтірді деген екі жігіт тергеу абақтысында отыр. Оның бірі 11-сынып оқушысы, екіншісі сол ауылдың экс-әкімінің кенже ұлы екен деп жазды «КҮН.КЗ». Аружанның сынып жеткешісі марқұм оқушысы жайлы тың деректермен бөлісті.

«Аружанның ашық түскен суреті, сол үшін ақша бопсалапты дегенді естідім. Суреттегі мүлде басқа үлкен қыз сияқты. Аружан өзі кішкентай денелі, нәзік, енді өсіп келе жатқан қыз ғой. Ал ана суретте кәдімгі үлкен қыз. Сондықтан ол менің оқушым емес деп білемін. Аружанның үйінің жанында тұрдым. Мектепте де, үй жақта да оны көріп, әжесімен сөйлесіп тұратынмын. Жұма күні сабаққа келмеді. Сұрап едім «Бетіме аллергия шықты, ұялып бара алмадым» деп түсіндірді. Жарайды, дүйсенбі міндетті түрде кел дедім. Мына жағдай содан кейінгі демалыстарда болды. Аружанды  сабырлы, сүйкімді, тартымды қыз ретінде білемін. Артық қылығы болмайтын. Оған енді сұлу болғандықтан көз салатындар да көп болды. Бірақ, міне, мына жігітпен көңіл қосыпты, жүріпті дегенді естіген емеспін. Ол мамандығын ойланып, қайсысын таңдасам деп жүретін», - дейді марқұмның сынып жетекшісі Ақтолқын Кенжеева.

Ал қос күдіктіні марқұмның туыстары жауаптан құтылып кетеді ме деп қорқады.

«Олар екі жігіттің отбасы да ауқатты. Шымкенттегі ең мықты адвокаттарды жалдап жатыр екен. Ақша жинап, балаларының жазасын жеңілдетуге бар күшін салуда. Бұдан бөлек, Балнұр деген қыз бен оған сурет жіберген жігіт те жауапқа тартылуы керек деп ойлаймын. Қазір Аружанды өсірген әжесінің денсаулық жағдайы күрт нашарлады. Соңғы екі күн ас ішпей қалды», - дейді марқұм Аружанның анасы.

 

Фото: kyn.kz