Ақтөбелік 2 азаматты улы жылан шағып алған

Ақтөбелік 2 азаматты улы жылан шағып алған

Ақтөбелік 2 азаматты улы жылан шағып алған
ашық дереккөзі
24 сәуір күні ақтөбелік екі азаматты улы жылап шағып алған деп хабарлады turkystan.kz. Бірінші азаматты Табыс ауданындағы базарда шақса, екіншісін Шилісай ауданында шаққан. Егер қара жылан шағып алса, бірден ауруханаға хабарласыңыз. Онда жылан шағып алған жағдайда көмек көрсететін терапевт мамандар болады. Уға қарсы вакцина бар.
"Ақтөбе облысында жыланның көп түрі жоқ, сондықтан бір ғана вакцина қолданамыз. Қазір біздің аурухана тағы бір вакцинаға тапсырыс берді, күтіп отырмыз. Облыстық ауруханаларда вакциналар бар. Қалада жыланның шағуы өте сирек кездесетін еді, бірақ биыл жылан шағу дерегі бірнеше мәрте тіркелді", - деді Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.