Қарағандыда микроқаржы ұйымын тонап кетті

Қарағандыда микроқаржы ұйымын тонап кетті

Қарағандыда микроқаржы ұйымын тонап кетті
ашық дереккөзі
Қарағандыда микроқаржы ұйымына қарақшылық шабуыл жасаған екі ер адам Астана қаласында ұсталды деп хабарлады  turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. 5 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарлама түскен. Онда белгісіз екі адам шағын несие беру ұйымына бас көктеп кіргені, 30 жастағы менеджер әйелді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 1 млн 29 мың теңге алып кеткені туралы айтылған. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.
«Ауыр қылмысты ашу мақсатында департамент аппаратының криминалдық полициясының, сондай-ақ Қарағанды қалалық полиция басқармасының және оның аумақтық полиция бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамыр күні жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласында күдіктілер – 23 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің санкциясына сәйкес, ұсталғандарға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.