Медеуде өрт сөндірушінің қалай қаза тапқаны белгілі болды
Медеуде өрт сөндірушінің қалай қаза тапқаны белгілі болды
Алматы қаласының әкімдігі аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына көңіл айтады деп хабарлады turkystan.kz.
Азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі таудың баурайында өртті сөндіру барысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапты. Ол жанып жатқан ағаштың діңі құлаған кезде алған жарақатынан көз жұмды.
«Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Бұл - орны толмас ауыр қайғы. Құтқарушы мамандығының қашанда тәуекелі жоғары. Сержант үлкен қайғылы оқиғаның алдын алу үшін өз өмірін құрбан етті», - делінген Алматы әкімдігнің хабарламасында.
Оның өшпес ерлігін әріптестері және қала тұрғындары ұмытпайды.